Ыстық тамақ жеуде ұстанатын 2 қағида

Ыстық тамақ жеуде ұстанатын 2 қағида

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірінші қағида – ыстық сусын мен тағамды ішіп-жемеу, өйткені ыстық ас асқорыту мүшелерінің жүйесіне – асқазанға, өңешке, ішектерге жаман әсер етіп, зат алмасу үдерісінің бұзылуына әкеліп соғады. Хадисте: «Асты суытып ішіңдер», - делінген. Көп адамдар асты суытамыз деп, оны үрлеп жатады, ислам діні турасынан – тамақты үрлеу де дұрыс емес. Әбу Катад (р.а.) Алла Елшісінің () былай айтқанын келтірген: «Су ішіп тұрған ыдысыңа дем шығарма». Сондай-ақ, Әбу Дәуд Ибн Аббастың (р.а.) айтуымен ұқсас хадис келтірген, онда былай айтылған: «…әрі оған үрлемеңдер». Бір адам Алла Елшісінен (): «Ал егер мен бір қылшық көріп қалсам ше?» - деп сұрайды, сонда Пайғамбарымыз (): «Онда оны төгіп таста», - деп жауап береді. «Алайда мен бір демде ішіп бітіре алмаймын ғой», - (яғни суды ішіп тұрғанда мен бәрібір ыдысқа дем аламын) деп сөзін жалғайды әлгі адам, оған Пайғамбарымыз (): «Онда аузыңды ыдыстан алып, сосын дем ал», - деген екен.
Екінші қағ
идаыстық сусынды, асты үрлеу арқылы суытпау.  Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Ол өз ойынан сөйлемейді.

Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (53:3-4). Демек, Алла Елшісінің ()сүннетін ұстану тек Алланың мейіріміне апаратын жол ғана емес, сондай-ақ, тәніміз бен жанымыз саулығының кепілі де болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: