Екінші қызыл сызық: көрпеге қарай көсілу

Екінші қызыл сызық: көрпеге қарай көсілу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екінші қызыл сызық: көрпеге қарай көсілу 

Бұл жөнінде: «Баршаң бақташысың және барша адам өз қарамағындағыларға жауапты... әйел күйеуі шаңырағының бақташысы, ол өзінің қарамағындағыға жауапты», – деген хадис бар. Отау тігіп, отбасы құрғаннан кейінгі жанұя жағдайы түгелімен ер кісінің жауапкершілігінде екені белгілі. Әрине, жанұя алдындағы жауапкершілікті сезінген жанның таңның атысы күннің батысы еңбек етіп, нәпәқа табары сөзсіз. Тек сол ерінің еңбек етіп, тірнектеп тапқан табысын кей  әйелдердің бір сағат уақыт ішінде оп-оңай шашып жіберуі әбден мүмкін. Өйткені әйелі балалардың киім-кешегі жетіп тұрса да көзі түскен жаңа сәнді бір киімді сатып алғанша жаны жай таппай тұрады. Бұған қарсылық білдірген күйеуін келіншегінің көл-көсір көз жасы күтіп тұратыны сөзсіз. Қанағаттың жоқтығы және ашкөздік әйелдің бойын тойымсыздыққа бейімдей түседі. Мұндай әйел ешқашан өзінің өмір сүру жағдайына қуана алмайды. Тәрбиелі отбасынан шыққан әйел мұндай қасиеттен бойын аулақ сақтайтын болады.

Үшінші қызыл сызық: ессіз қызғаныш

Хадисте: «Қызғаныштың Алла Тағала құп көретіні және жақтырмайтыны бар... Алла Тағала құп көретін қызғаныш себеппен болғаны. Ал, себепсіз қызғанышты жақтырмайды...», – деп айтылған.   

Отбасылық өмірде қызғаныштың қажеттілігі тағы бар. Онсыз тағы болмайды. Қызғаныш – арадағы сүйіспеншіліктің махаббаттың айғағы. Бұл бірінің екіншісінің алдындағы қаншалықты орны бар екенін көрсетеді. Дұрыс қызғаныш ара-қатынасты күшейтіп, бекем ете түседі. Ал, ешбір себепсіз, жөн-жосықсыз қызғана беру бір-бірін жіпсіз байлайды. Қызғаныш күдік тудырып, әр нәрсені майда-шүйдені сұраумен мезі етеді. Ақыры көңілге күдік ұялайды да, ойына түрлі пәлелер, ұят жайттар келе бастайды.

Бұл –ақымақ адамның қызғанышы. Кейде әйелдің шектен тыс сезімі қызғаныш дертіне ұшыратады. Күйеуі әңгіме барысында бір әйелдің есімін айта қалса, ары қарай әйел өз қиялымен түрліше ойлап, күйеуін ешбір негізсіз айыптауға көшеді. Мұндай қызғаныштан күйеуі өзін тұтқын ретінде сезініп, бұл тығырықтан қашудың амалын іздей бастайды. Осылайша әйел өзінің шаңырағын жығып, өз бақытын өз қолымен өшіреді. Дей тұрғанымен, мұның барлығын әйел өзінің парасатымен жеңе алады. Бірақ, қызғаныш келген кезде әйелдің бойынан ең бірінші сол парасаты жоғалатыны тағы бар.                         

Құрметті әйелдер қауымы! Айша анамыздың (р.а.): «Мен Алла Елшісінен: «Адамдар арасында әйел кімге көбірек борыштар?» – деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Күйеуіне»,– деп жауап берді...», – деп айтқанын жадыңыздан шығармаңыздар!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: