Сабырлы жетер жеңіске

Сабырлы жетер жеңіске

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір ерлі-зайыпты 60 жылдай бірге отау құрыпты. Олардың бр-бірінен еш жасырын сырлары болмаған екен, тек әйелінің бір ғана құпиясы болыпты. Әйелінің киім-кешек қоятын шкафының үстінде аяқ-киімнен босаған бір қорап болатын-ды, оған күйеуі ешқашан үңіліп те қарамаған екен. Қартайған шағында жазылмас дертке шалдыққан әйелі жуырда демінің таусылатынын сезіп, күйеуіне құпиясын ашпақшы болып, шкафтың үстіндегі қорапты әкелуін өтінеді. Қорапты әкеліп, ішіндегі бір бума ақша мен қолдан жасалған әдемі екі қуыршақты көрген қарттың таңданысында шек болмайды:

— Бұл не? — деп сұрайды ол.
— Екеуміздің отау құрып, үйленеріміздің алдында менің әжем бақытты жанұяның құпиясын ашқан еді. Әжем маған: «Егер күйеуіңе ашуланар болсаң ешқашан онымен сөзге келуші болма, одан да өз қолыңмен бір қуыршақтан жасап отыр», - деген еді.

Қорапта жатқан екі қуыршақты қолымен сипап отырған күйеуінің көзіне жас үйірілді. Ол дауысы қарлығып:

— Ал мынау қайдан келген ақша? Сенің үй тірлігіне арналған ақшадан қаражат жимағаныңды білемін ғой, - деп сұрады. Сонда қарт ана:
— Мен бұл ақшаны өз қолыммен жасаған қуыршақтарымды сату арқылы жиған едім, - деп тіл қатады...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: