Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданы әкімдігінің дін істері басқармасы қызметкерлерімен бірігіп Меркі ауданының ТЖБ-ның (төтенше жағдайлар басқармасы) қызметкерлерімен "Діни экстремизм- қоғам қатері" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары, жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және интернет кеңістігіндегі теріс идеяларға қарсы насихат турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

