Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының барлық әйел ұстаздары 2021-2022 жылдың есебін тапсырды.
Жыл бойы атқарылған іс-шаралар қала, аудандардағы шәкірттер саны, беріліп жатқан білім, дәрістердің жүргізілу барысы, бағыттар бойынша әйелдер арасында жасалған жұмыстар легі тілге тиек етілді.
Есепті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Жазира Нұрсұлтанқызы қабылдады.
Шара соңынан бас имам барлық ұстаздарды еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі






08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

