Шу аудандық "Жәми" мешітінде әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен бастау алған әйелдер семинары жалғасын тапты.
Шараға арнайы шақыртумен келген Дариға Шонжарқызы "Ене мен келін" тақырыбында көркем әңгіме өрбітті. Сан жылдық тәжірибесі бар маман ене мен келін арасындағы байланыстың қалай болу керектігін және өз тәжірибесімен жастарға ақыл-кеңесін айтты.
Сөз соңында Дариға апамыз барлық семинарға катысушыларға электронды тәсбих тарту етті. Шарадан соң әйелдер дастархан басында бас қосып, жамағатқа еркін тақырыпта уағыз-насихат айтылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі