Белбасар ауылдық әкімшілігінде ауыл тұрғындарымен діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға "Еңбекші" мешітінің имамы Данияр Исаков және "Хати Сауранбай" мешітінің имамы Бақыт Тлемисов қатысты.
"Экстремизм, көбіне, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген пікірінен туындайды. «Тек менің ғана пікірім дұрыс болуы керек» деген секілді. Әйтсек те, бұл экстремизмнің бастапқы кезеңдерінің ғана көрінісі болып саналады" - дейді мамандар.
Имамдар тұрғындардың сауалына жауап беріп, мысалдар келтіріп өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі