#Меркі ауданы: Мәуліт оқылды

#Меркі ауданы: Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт оқыту – сан ғасырдан бері бабаларымыз дәстүрге айналдырған арда құндылықтарымыздың бірі.

Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінде Мәуліт жыры оқылды. Іс-шара мәуліт жырын оқумен басталды. Мәуліт дастарханына арнайы шақырылған аудан имамы Азамат Берікұлы өзін таныстырып, жиналған халыққа пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын айтып, мәуліттің шығу тарихы мен пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат жайлы уағыз айтты.

Мәуліт соңында, қонақтарға «Намаз оқып үйренейік» және «Пайғамбарымыздың тағы және кешкі дұғалары» атты кітаптар тегін таратылып, еліміз бен жерімізге тыныштық, ел халқымызға береке-бірлік тілеп арнайы дұға жасалды. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: