#Шу: Бала тәрбиесі - тал бесіктен

#Шу: Бала тәрбиесі - тал бесіктен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Қазақ халқы қашанда жастарын имандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеген. Осыған орай, Қаныш Сәтбаев мектебінің оқушылармен "Дін - тәрбие бесігі" тақырыбында кездесу жасалды.

Имандылық – бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмайды. Қаншалықты жақсы тәрбие көрсе де, дініне енжар, селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.

Кездесуде аудан имамы оқушылардың сауалдарына жауап беріп, ата-анаға мейірімді болуға шақырды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: