Жетімдерді саясына алған анаға қаржылай көмек берілді

Жетімдерді саясына алған анаға қаржылай көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі "Кемел діннің елшісі атты" Мәуліт рухани кешін өткізген болатын. Аталған шарада тастанды, жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған Зульфия анамызға  Мәуліт кешінен қайырым ретінде 300 000 теңге қаражатты сыйға тартылды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев көпбалалы ананы ортаға шақырып, алғыс айтып, көмекті табыстады. 

Көпбалалы ана халыққа сүйектен өтер өткір өсиетін айтып, ой салды. Зульфия ханым өз сөзінде: "Құрметті жиналған жамағат. Келіп жеткен Мәуліт айы құтты болсын, ағайын-туыс, жамағат! Қазақта сөз бар "әр бұтаға от түссе, өзі жанып өзі өшеді" дейді. Менің қанатымда қаншама балалар  бар. Біреуінің қолы жоқ, біреуінің аяғы жоқ, біреуінің көзі жоқ, біреуінің тілі жоқ. Міне, соны туған аналар да, өмірге әкелген әкелерде тірі жүрген шығар. Барлығыңызға тілейтінім, алтындарым, қыздарымызды қырық үйден тыяйық. "Ішіме сыйған сыртыма да сыяды" деп біздің жетімдеріміз көбейіп кетті, аналар! Олай тәрбиелемейік! Бір жатырға сыйғанмен, бір шатырдың астына сыймайды. Қыздарымыздың етегін қымтап ұстайық. Қыздардың етегін жел көтерсе көтерер, бірақ пенде көтермесін! Жетімдеріміздің санын көбейтпейік" - деді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: