ДІНТАНУ ОРТАЛЫҒЫНА – 10 ЖЫЛ (ФОТО)

ДІНТАНУ ОРТАЛЫҒЫНА – 10 ЖЫЛ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамдағы дін мәселесі күрделеніп, жағдай ушығып тұрған 2011 жылы Философия және саясаттану институтында бұрынғы мәдениет және дін философиясы бөлімінің негізінде Дінтану бөлімі құрылатыны жөнінде шешім қабылданып, 2012 жылы Дінтану бөлімі құрылған. Аталмыш бөлім 2021 жылдан бастап орталыққа айналды. Дінтану орталығы – ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының құрылымдық бөлігі. Биыл орталықтың құрылғанына 10 жыл толып отыр.

Орталық көптеген ғылыми жобаларды жүзеге асырып, дін саласындағы түйткілді мәселелерге зерттеу жүргізіп келеді. Алғаш құрылғанынан бастап басы-қасында жүріп, жүйелеп, бір ізге түсіріп, сонымен қатар бағыт-бағдарын айқындап, әдіснамамын әзірлеп, осы орталыққа ұзақ жыл басшылық жасаған философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов болатын. Одан кейінгі кездерде орталықты PhD, қауымдастырылған профессор Шолпан Жандосова, ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Наталья Сейтахметова басқарды. Қазіргі таңда орталық тізгіні – PhD Алмасбек Шағырбайда.

Жақында осы Дінтану орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор Бақытжан Сатершиновтің ғылыми жобасы бойынша «Дәстүр мен жаңашылдық діни қырлары: әлемдік және қазақстандық болмыс аясында» тақырыбында қорытынды конференция өтті. Конференция Дінтану орталығының 10 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асты. Шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Нұр-Мүбарак университеті, Әдебиет және өнер институты, Алматы қалалық дін істері басқармасының басшылары қатысты.

Конференцияның мақсаты – дәстүр мен жаңашылдықтың дінтанулық және исламтанулық қырларын ашып, инклюзивті ислам санасын келешекте дамыту үшін оның теориялық және практикалық маңызын өзектендіру. Сонымен қатар қазақстандық қоғам болмысындағы дәстүр мен жаңашылдықтың діни (ислами) қырларын зерделеу, әрқилы тарихи кезеңдердегі дәстүрдің қоғамдық реттеушілік қызметін ашып көрсету, әртүрлі теологиялық және идеологиялық түсіндірмелердегі дәстүр мен жаңашылдықтың түсінігін талдау. Кез келген қоғамның үдемелі дамуы көп жағдайда бұрынғы және жаңа құндылықтардың, жүйелердің, білімдер мен
дүниетанымдардың, дәстүр мен жаңашылдықтың дұрыс арасалмағы мен үйлесімді әрекетін тауып, рухани өндірістің үздіксіздігі мен сабақтастығы сақталған жағдайда ғана мүмкін болары сөзсіз.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: