ӨСКЕМЕНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

ӨСКЕМЕНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Діни экстремизмнің алдын алу: теориясы мен практикасы» атты республикалық форум өтті.

Алқалы іс-шараға деструктивті діни ағымдарды таратпауға жауапты ҚМДБ өкілдері, дін мәселелерін зерттеу орталықтарының барлық облыстағы директорлары, білікті мамандары, бас теологтары, ШҚО қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің дін мәселелері жөніндегі бас мамандары және студенттер қатысты.

Айтулы шараны Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқарма басшысы Нұржан Құнанбаев сөз сөйлеп ашып, бұл шараның маңыздылығына тоқталып, жат ағымдардың алдын алу тәжірибесін ортаға салудың өзекті екендігін атап өтті. Жиында ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы басшысы Ерлан Есбергенов және ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы сөз сөйлеп ШҚО өкілдігі ұйымдастырып отырған форумның Діни экстремизмнің алдын алуда зор маңызға иек екендігін атап өтті.

«Дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз керек. Біз күш-жігерімізді дәл осы мақсатта жұмсауға тиіспіз» деп атап өтті министрлік өкілі.

Форумда ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп, діни экстремизмнің алдын алу турасында салиқалы баяндама жасады. Бас имам: Құранда «Шектен шықпаңдар. Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді» Ағраф» сүресінде айтылған. Экстремизм - тілдік мағынасында «шеттеу» (фр.Extremisme, лат.Extremus), яғни «орталықтан ауытқу», «белгіленген жерден шығып кету» деген мағынаны білдіреді. Терминдік тұрғыда: «тәртіпті мойындамайтын», «өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы» дегенге саяды. Біздің бағытымыз ата-бабаларымыздың ғасырлардан бері жүрген жолы – дәстүрімізбен, салт-санамызбен біте қайнасып кеткен дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабы мен Матуруди ақидасын берік ұстану және оны насихаттау» деді.

 Жиында сөз алған ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мүфтият тарапынан діни оңалтуға қатысты атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айта келе, бұл бағыттағы имамдардың атқарып отырған ұшан-теңіз еңбегіне зор баға берді. «Имамдар осынау оңалту бағытында ағартушылық жұмыстарды зор құлшыныспен атқарып жатыр» деп ерекше атап өтті.

Форум жұмысы екі күнге жалғасып, діни экстремизмнің өзекті мәселелері талқыланып, деструктивті діни ағымның кері әсерінен зардап шеккендерді оңалту бойынша диалог алаңын орнату, пікір алмасулар болды. Форум жұмысын қатысушылар жоғары бағалады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: