ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті мен медресесінің есепшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кіріс-шығысты көзден таса жібермей, қаржылық мәселелері реттеуде еңбек сіңірген есепшілердің жұмысына бас имам оң баға берді. Ханымдардың қызметіне алғыс білдіріп, игі тілегін айтты.
Сонымен қатар шоқ-шоқ гүлдер мен бір реттік қаржылай сыйақы табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі