#Шу: Әйелдерге шеберлік сағаты ұйымдастырылды

#Шу: Әйелдерге шеберлік сағаты ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үйдің сәні мен әнін келтіретін – дастархан. Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады дейді қазақ халқы. Расында,  үстелі жайнап тұрған шаңырақтың берекесі қашпайды. Ал, дастарханның шырайы мен дәмін кіргізу қашан да – әйелдің қолында. Әсіресе заман озған сайын ас мәзірінің қатары да қалысар емес. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша Әйел-қыздар секторы "Шеберлік сағатын" өткізді. 

Аудандық "Жәми" мешітінде өткен шара осыдан бірнеше ай бұрын бастау алған. Үйді сәндеу, түрлі тағам жасау сынды келіншектер өз мамандығы бойынша мастер-класстар ұйымдастырып келеді.

Аталған игі бастаманың жалғасы бүгін жасалып, қыз-келіншектерге киім тігу үлгісі көрсетілді. Қатысушылар мешіт ұстаздарына алғысын айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: