Ислам дегенде тазалық ұғымы да қатар жүреді. ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігі "Һибатулла Тарази" мешітінің бастамасы аясында «Тазалық – иманның жартысы» сенбілік тазалық жұмысы Шу өңіріне қарасты мешіттерде де жүргізілді.
Сенбілікте мешіт қызметкерлері белсенділік танытып, мешіт ауласы мен айналасын қоқыстардан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты. Иә, әр мұсылманға және жалпы адамзатқа қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау басты міндеттердің бірі. Мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қиратушы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi екенін үрдіске айналдырған мешіт ұжымы табиғатты аялау мен таза ұстауға әрдайым әзір.
"Жәми" мешітенен бастап барлық мешітте жүргізілген сенбілік Далақайнар ауылдық мешітінде ерекше өтті. Ауыл әкімінің аппараты мен мектеп ұжымының ер мұғалімдері және ауыл жастары, 1977 жылғы ауылдастар құрылыс жұмыстарын жастап жатқан құрылысшылар мен қызметкерлерге арнап бір қой сойып, тамақ дайындап, сауапты іске үлес қосты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі