ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Күндердің сұлтаны жұма күні жаңа оқу жылының қарсаңында "Білім алу - әрбір мұсылманға парыз" тақырыбында айтылған насихатты көпшілік көңіліне тоқыды.
"«Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», – деп айтқанындай, адам баласы алған білімін қанағат тұтып тоқтап қалмай, өмірбақи ізденіп, даму үстінде болуы қажет. Сол себепті де бұрынғы өткен даналардан: «Екі адам тоймайды. Бірі – дүние іздеген адам, ал екіншісі – білім іздеген адам», – деген сөз қалған", - дейді Смайыл Сүйерқұлұлы.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі