Жамбыл облысындағы шұжық өнімдері цехтарының сертификаттары жаңартылды.
Бүгінге Республикамызда маңызы бар қалаларды халал шұжық өнімдеріменен қамтамасыз етіп жатқан өңірдегі шұжық цехтарына ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысы бойынша өкілі Абылайхан Ғабитұлы арнайы барып қайтты.
Тексерістен сәтті өткен ТОО "Асланбек 08" және ЖК "Досматов" кәсіпорнына куәліктерін табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибаулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі