Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты барлық мешіт имам-молдаларының басқосуымен жиын өтті.
Жиынның бас Алланы ұлықтаумен басталып, имам-молдалардың хал-жағдайларын сұраумен басталды.
Сонымен қатар, имамдардың қызмет барысы, жұмыс орнындағы жағдай сөз болды. Бұйрықта бар, қызметте жоқ имамдарды жұмыстан босату, алдағы келе жатқан аттестацияға дайындық пысықталды. Әр мешітте тағдыр тәлкегіне ұшырап мүгедектік шалдыққан азаматтардың мешітке емін-еркін кіріп шығуы үшін мешіт алдына пандус, яғни мүгедектердің арбасы мінетін тепшек салуды қолға алу керек екендігін атап өтті.
Жиын соңында елімізге, жерімізге дұға жасалып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі