Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жас мешіт жамағаттарына арнап «Толық адам» кітабының 1-бөлімінен дәріс өткізді.
Аудан имамы «Толық адам» кітабында сонау аңыз-әфсанадан бастап, асыл дініміз Исламдағы, сондай-ақ ұлы даладан шыққан ойшылдарымыздың еңбектеріндегі ой-тұжырымдарға қысқаша түсініктемелер беріліп, талдаулар жасалғанын атап өтті. Дәрісті мұқият тыңдап болған соң, мешіт имамы жамағаттың сауалдарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі