#Т.Рысқұлов: «Рухани білім – дертке дауа» тақырыбында кездесу жасалды

#Т.Рысқұлов: «Рухани білім – дертке дауа» тақырыбында кездесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының кітапхана қызметкерлерімен «Рухани білім – дертке дауа» атты тақырыпта кездесу болды. Кездесуге «Әл-Хақ» мешітінің имамы Серікбаев Ерман арнайы қонақ болып барып, тақырып бойынша уағыз-насихат жасады.

Ерман имам кездесуде: "Адам тамақсыз, ұйқысыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал музыка тыңдамай, кітап оқымай-ақ тіршілік етуге болады емес пе? Иә, дегенмен де, рухани қажеттіліктерді қанағаттандырмаған адам ақырындап төмен құлдырап, дөрекілене бастамақ. Егер ол рухани қажеттіліктерді қаперіне алмайтын болса, тағы адамның деңгейіне дейін құлдырайды. Өркениетті адам мен тағы адамның арасында қандай айырмашылық болатыны кім кімге де белгілі. Беліне бір жапырақ тері байлап алған жабайы адам балықты немесе аңды тірідей жейді, үңгірде, болмаса сабаннан тұрғызылған күркеде өмір кешеді. Мұндай жандардың аңнан айырмашылығы оншалықты көп емес. Осындай жағдайда өмір сүретін пендені бақытты деп кім айта алады?" - деп, тосыннан сұрақ қойды.

Сондықтан, бақытты тірлік кешу үшін де рухани қажеттіліктерімізді көбірек қанағаттандыруға көңіл бөлуіміз шарт,- деп сөзін тиянақтады.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: