Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу ауданына қарасты ҚазТРАНС Газ аймақ қызметкерлерімен кездесті.
Бас имам мамандарға имандылық, теріс ағымнан сақтану тұрғысында насихат айтты. Теріс бағыттағы азаматтардың ұстанымы, оның зияны, ата дінімізден айырмашылығы тілге тиек болды.
Имандылық, қызметтегі адалдық, белсенділік жайы да сөз болмай қоймады. Көпшілік имамға көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі