Шу қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен аудандық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен діни кездесу өтті.
Шараға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы қатысып қайтты. Көпшілікке экстремизімнің алдын алу турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Бас имам түрлі бағыттағы ағымдардың жетегінде кетпес үшін діни сауаттылықтты арттырудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі