Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жергілікті Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті өкілімен бірлесе отырып, аудандағы «Араб тілі курсы» үйірмесін зиярат етіп қайтты.
Тексеріс барысында, онда сабақ беріп жатқан ұстаздардың білімін растайтын құжаттар, қандай кітаптан сабақ беріліп жатыр және ұстаздардың діни бағыты зерттелді.
Тексеріс нәтижесі оң болып, ешқандай ескертулер мен заңсыздықтар анықталмады.
Бас имам сабақ беріп жатқан ұстаздарға алғысын білдіріп, шәкірттерге табыс тіледі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі