Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құрбан айт құрметіне балаларға арналған кеш жасалды.
Кешке сектор жетекшісі Нұргүл Алиханқызының шақыртуымен аниматорлар келіп, балаларға түрлі ойындар өткізді.
Шараға аналары да қатысып, қызықты ойындарды қызықтады. Соңынан тәттілер мен балмұздақтар таратылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі