Күндердің сұлтаны жұма күні Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызының ұйымдастыруымен мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Мешіт шәкірттері түрлі тіске басарлар пісіріп, мешіт алдында мешітке келген-кеткен тұрғындарға сатты. Ал сатылымнан түскен қаражатты ұстаздар мұқтаж жандарға көмекке жұмсамақ.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі