Алла тағаланың өзі бекіткен күллі мұсылманның 2 мейрамы болса, соның бірі - Құрбан айт. Күні ертең басталатын ұлық мерекеге Шу ауданына қарасты ауыл мешіттері сақадай сай.
Мәселен "Бірлікүстем", "Баласағұн", "Жылғабек", "Күнтубаба", "Оспанәлі", "Хати Сауранбай", "Аманкелді", "Қойайдар" мешіті сынды өзге де құлшылық үйлері құрбан айт мерекесіне орай тазалық жұмыстары жасап, құттықтау бильбордтарын ілді.
Имамдар таң қылан бере айт намазына жиналатын жамағатты қуана қарсы алуға ниеттеніп отыр.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі