Рамазан айындағы парыз оразадан кейін Шәууәл айының алты күн оразасы қосымша ораза болып табылады. Ибн Хузайма Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Рамазан айындағы ораза он еселенеді, ал Шәууәл айындағы алты күндік ораза екі ай ораза ұстағандай сауап береді, осылайша, бір жыл ораза ұстағандай болады» (Мүслим).
asyldin.kz