Ораза құлшылығының хикметі мен пайдасы

Ораза құлшылығының хикметі мен пайдасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланың әмірлері мен тыйымдары әлбетте құлдарының игілігі үшін. Ислам ғұламалары, барлық үкімдер адам баласының игілігі үші екендігі жөнінде келіскен. Алла қалаған істерінде пенделері үшін үлкен пайда, ал тыйым салған нәселерде үлкен зиян бар екені сөзсіз ақиқат. Ислам діни білімі, пендеге жүктеген міндеттің, әрі әр түрлі ғибадаттардың пайдасы мен хикметтері хақында ислам ғалымдары ұзақ уақыт бойы ой елегінен өткізіп, адам жанын тазарту мен рухыни тәбиелеу үшін қызмет етуде деп таныған. Бұл жағдайда құлдар жауапты болған ғибадаттардың кейбір пайдалары мен хикметтерін анықтауға болатындығы және кейбір пайдалары мен  хикметтерінің бүкілін анықтау мүкін емес екендігін растайды.

Ораза құлшылығының негізгі мақсаты – адамдарды тақуалыққа жеткізу. Бұл туралы Құранда: «Ей иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз болғаны сияқты, сендерге де ораза парыз етілді. Бәлкім тақуалыққа жетерсіңдер» (Бақара сүресі 183) деп келеді.

Адамды рухани тәрбиеге жетелейтін ораза, құлдың жүрегі мен рухында жинақталған күнә қалдықтарынан аз уқыт ішінде арылуына мүмкіндік береді. Осылайша ораза, адамды «қад афләһа мәң зәккәһа» аятының сырына жетелейді. Бұл дегеніміз нәпсіні жамандықтардан тазартып, құтылудың бір көрінісі деген сөз. Қалай садақа, зекет мүміндерді күнәдан тазартып, берек келтіргені секілді, дененің зекеті болып табылатын ораза да нәпсінің құрығында жаншылып қалудан құтқарады. Ораза ұстаған адам нәсінің шырмауын үзіп, Алланың жібіне жармасады. Нәпсі адамдарды өзімшіл етіп, жалғыздыққа итермелесе, адамдар Алланың жібінен ұстану арқылы өзін әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сезінеді. Ораза айы саналатын Рамазанда жамағатпен ғибадат ету жүректерге бірлік сезімін ұялатады. Байлар кедейлермен бір қатарда намаз оқиды, бір дастарханнан тамақтанады, зекет, фитра, фидиялар бөлісуде мен-мендік жойылады.

Ораза нәпсінің қалауларынан өз еркімен аулақ болу жағынан ерік-жігерді тәрбиелеуге, аштық пен шөлдеуден туындаған қиыншылыққа шыдау тұрғысынан сабырлық танытып нәпсіні тәрбиелеуге әкеледі. Адамның өмірінің бақытты кезеңіне жетуі қалау, ерік-жігерді тізгіндеу арқылы орын алатыны сөзсіз. Қалау, Ерік-жігері әлсіз адамдар өмірде бақытты бола алмайды, ақыретті де жақсылықпен аяқталмайды. Өйткені ғибадат толықтай дерлік қалау, ерік-жігері күшті әрі тізгіндей алатын дәрежеде. Осы тұста ораза нәпсісін тізгіндеп, рухты тазартып, Алланы ұлықтауда тиімді тәсіл.

Оразаны орындау арқылы қанағат есігімізден үйге қайта кіреді. Аш адам кедейлер мен мұқтаждардың жағдайын түсінеді. Қанағат етудің қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсінеді. Артық ысырапшылдыққа жол бермейді. Осы тұста Алла Елшісінің (с.а.у) «Қанағат бітпейтін бір қазына» (Байһақи, Зүһт 2/88) деген сөзі мүміннің еске түсер бәлкім.

Яғни бұрынғысына қарағанда көптеген нәрселердің қадірін түсінген адам, Аллаға деген шүкіршілігін арттырады. Сараңдық құрдымға, қанағат пен жомарттық мейрімділікке бастар жол екенін түсінеді.

Рамазан оразасы адамды сәресісімен, ифтарымен (ауыз ашарымен), оқылған тарауих намазы мен т.б. құлшылықтарымен өмірін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді. Ораза айы пенденің Раббысынан пана тілеп, күнәларының кешірілуін, өмір жолына қажетті дұға тілектер тілеп. Әрі дұға тілектер орындалатын ай. Рамазанның берекетімен жүрк көдері жауып тұрған күналардың тазаруымен кейбір рухани перделер ашылып құран аяттарын терең сезініп түсінеді.

Ораза дененің зекеті ретінде зат алмасудың ағзада жиналған зиянды элементтерден арылуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл айда адамдар өз денесін материя мен мағынаның жұмбақ және үйлесімді қосындысы ретінде көре бастағанда, басқа тірі заттардан айырмашылығы, денелер жаңарып, ойлар нұрға бөленеді. Денеміз сауғайып, саулық тауып. Алла елшісінің сөзін растағандай; «ораза ұста, сау болуың үшін». (Табарани, Муғжамул-авсәт, VIII6 174. Мунзири, әт-Тергиб 2/206)

Рамазан оразасы – шарасыз, үмітсіздікке душар болғандардың, көңілін уайым қайғыдан арылтып үміт силайтын уақыт. Адамды тосыннан кележатқан қиыншылықтарға төзімділікке үйрететін ұстаз. Оразаның хикметтерін түсіну  оның ережелерін түсіну арасында тығыз байланыс бар. Оразаның фиқһына қатысты ережелерді білу Алла Елшісінің бізге хикмет ретінде қалдырған сүннетіне сай ораза ұстауымызға мүмкіндік береді.

Алла ұстаған оразаларымызды қабыл алсын!

Түрік тілінен аударған

Лукманов Ерлан Тажединұлы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: