Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Рамазан айының алғашқы 10 күндігінде мешіт жамағаты арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылған болатын. Сұраққа дұрыс жауап берген бауырларымызға «РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ 200 СҰРАҚ» атты кітап сыйлыққа берілген еді.
Міне, Рамазан айының екінші он күндігін тәмамдап, жамағатпен аталмыш кітаптан сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Қатысушылардан дұрыс жауап бергендерге тәспі пен хош иіс суы сыйға тартылды.
Бас имам бұл іс-шара өз жалғасын тауып Рамазанның соңғы 10 күндігінде ауқымды түрде ұйымдастырылатынын хабарлады.
Алла Тағала жасап жатқан игі шараларымызды, құлшылықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл алғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі