#Шу: 200 адамға ауызашар себеті таратылды

#Шу: 200 адамға ауызашар себеті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяуда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы мен «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен 200 адамға ауызашар себеті таратылды. Аудан орталығындағы «Төле би» мешітінің ауласында өткен шараға жамағат  шақырылып үлкен қазаннан палау үлестірілді.  Сондай-ақ ауызашарға қажетті дәмдер себетке салынып таратылды.

Шарада бас имам Бахтияр Амантайұлы батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі. Сондай-ақ ораза ұстаушыларға ниеттері қабыл болсын деді.

Себет алып, мәз болысқан жамағат ұйымдастыру алқасына алғысын айтып, сыйлықтары сауаппен қайтсын деп дұға қылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: