Ұшақтағы намаз

Ұшақтағы намаз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұшақтың жерге қонар кезінде намаздың аяқталуына әлі уақыт бар болса, онда оны ұшақ қонған соң бір-ақ оқу қажет. Ал егер ұшақпен ұшу барысында намаздың уақыты шығып кететіндей болса, онда ұшақ қызметкерлерімен келісіп, жүзімізді Қыбылаға қаратып тұрып намазды оқып алуға тырысқанымыз жөн.

Мұндай намаз қабыл болады әрі ол қайта оқылмайды. Егер намазды тұрып оқуға рұқсат берілмесе, онда намаз отырып оқылады және де сәжделердің бәрі толық орындалады. Егер намазды жоғарыда айтылғандай оқуға мүмкіндік болмаса, онда намаз отырған орнында, яғни креслода отырып оқылады.

Рүкұғ пен сәжде ишара түрінде басты ию арқылы оқылады. Сәжде жасағанда басты сәл төменірек ию керек. Бұлай оқылған намазды ұшақ қонған соң қайтадан оқу керек болады, өйткені мұндай намаздың қабыл болмай қалу мүмкіндігі басым, себебі қиям (тұру) намаздың міндетті бөлігі болып табылады, оны тек науқас болған кезде ғана қалдыруға болады. Ал басқа себептер маңызды емес.

Алла дұрысын біледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: