Жұма күні Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Намазға келген жамағатқа түрлі тәттілер мен қолдан пісірілген тағамдар ұсынылды.
Қайырымдылық шарасынан жиналған қаражат игі мақсатқа жұмсалмақ дейді ұйымдастырушылар.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



11 Август 2026
26 Сафар 1448

