Мың айдан қайырлы түні бар Рамазан айында Шу ауданындағы азық-түлік дүкендерінің иелеріне қасиеті айда арақ-шарап сатуды доғара тұру туралы насихат жасалды.
Құрамында Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы М.Әбиқұл, алқа мүшелері бар топ дүкендерге кіріп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бастамашыл топ кәсіпкерлерге өтініш жасап, бар бәленің басы саналатын арам суды сатудан тыйыла тұруды сұрады. Сондай-ақ түсіністік танытқан жандарға алғыс білдірді.
"Мұндай мақсаты жақсы іс алдағы уақытта жүргізіле бермек" - дейді Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі