Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің Бас имамы Азамат Берікұлының төрағалығымен ауданға қарасты ауыл имамдарының басқосуымен кезекті жиналыс өтті.
Жиналыс күн тәртібінде алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі талқыланды. Имамдар Рамазан айындағы өкілдіктің бастамасымен атқарылар бір айлық жұмыс барысын ақылдасты.
Ай бойы атқарылар іс-шаралар елдің руханиятына қызмет етуі керек екендігін, мешітке келушілерге дұрыс діни ақпарат беру, халықтың имани сұраныстарын қанағаттандыру үшін сапалы қызмет ету керектігін атап өтті.
Бас имам Рамазан айында ауыл мешіттеріндегі ауызашар ұйымдастыру, тарауих намазын жүйелі өткізу, ай бойы Құран Хатым өткізу, мешіт іші-сыртындағы тәртіп пен тазалықты қадағалау, т.б. діни һәм шаруашылық жұмыстардың жоспарымен танысып, имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі