Бүгін "Кеңесхан қажы" мешітінде құранға түскен шәкірттерден емтихан алынды. Білімдерін шыңдап, әрі рамазанға байланысты мағлұмат айтылып, сұрақтарына жауап берілді.
Ұстаздар жаннат есіктерінің ашық болатын айында сауапқа толы құлшылық жасауларына тілек білдірді.
Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» деп айтты», – делінген. Құран оқып, амал еткен жамағат саны арта берсін.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі