Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергеновтің ұйымдастыруымен құрылыс материялдарына мұқтаж, асыраушысынан айырылған, 3 жетім баланың анасына екі жарым тонна яғни 50 қап цемент қайырымдылық көмек ретінде берілді.
Сонымен қатар, аталған қайырымдылықтан бөлек бірнеше отбасыға азық-түлік жағынан көмек көрсетілді.Атап айтқанда, ұн, қант, май, ет және тағы басқа нәрселер үлестірілді. Қайырымдылық көмекті алған отбасылар имамға шексіз алғыстарын білдірді.
Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз ұызметі.



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

