Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында Әз-Наурызға арнап, мерекелік спорттық іс-шара өткізілді. Ұлттық ойындармен айшықталған аталған шараға ауыл тұрғындары және мешіт жамағатыда қатысты. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Ауылда ұлттық ойындардан: арқан – тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, қой көтеру сынды көптеген ойындар өткізілді.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

