Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінде бесін намазына келген мешіт жамағатына ауыл имамы Сабит Естеков «Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы» тақырыбында уағыз айтты.
Иман – екі дүние бақытына жетелейтін нығмет. Ел аузында айтылып жүрген «Иманым – жиғаным» деген сөз бар. Иманын күшейтуге тырысқан адам игілікке кенеле бастайды. Алланың қалауымен оның жүрегінде ерекше тыныштық орнайды. Жүрегі қызғаныш, мақтаншақтық, тәкәппарлық т.б. дерттен аман қалады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

