#Жамбыл: Сабыр түбі – сары алтын

#Жамбыл: Сабыр түбі – сары алтын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде бесін намазына келген жас мешіт жамағатына ауыл имамы Ғани Жанұзақұлы «Сабыр түбі – сары алтын» деген тақырыпта кеңінен дәріс өткізді. Халқымыз «Сабыр түбі-сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа» деп сабырға байланысты нақылдар қалдырған. Бабаларымыз сонымен қатар «Асықпаған арбамен қоян алар»  деген аталы сөзінің өзі сабырлы болуға, әр нәрсенің ақырын күтуге шақырғандығының белгісі.

Шын мәнінде, сабырлы болу деген өз намысыңды қорғай алмайтын ынжық болу деген сөз емес. Сабырлылық тек терең ойлауға, байсалдылыққа бастайтын қасиет. Сабырлы болдым деп ар-намысыңда қорлауға төзуге болмайтындығын да ескеруіміз керек. Ауыл имамы жастардың сан сауалына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: