#Жамбыл: Исламдағы әйел кісінің мәртебесі

#Жамбыл: Исламдағы әйел кісінің мәртебесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы, теолог, «Әйел-қыздар» секторының жетекшесі Жайна Бекназарова Құмтиын ауылдық мектебіне арнайы барып, мектеп оқушыларына «Исламдағы әйел кісінің мәртебесі» жайында кеңінен насихат айтты.                                                                    

«Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деп бекер айтпаған болар, Домалақ анадай «Әулие анадан» туған Қызай ананы бүгінде бір ру болып естерінде сақтап келеді, ұрпақтарына айтып келеді.    

Шіркін, халқымыздан шыққан аналарымыздың барлығын айта берсек, әрқайсысы өз алдына бір төбе. Мысал, күйші анамыз Дина, күміс көмей Күләш апамыз, Шоқан атамыздың әжесі Айғаным әжеміз, Мұхтар Әуезовтың әжесі Дінәсіл әжеміз, Ақын Сара, Сапура (Көктемір) батыр т.б. барлығы да жатқан тарих, ұлы аналар.

Сондай-ақ халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді аналардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүгінгі болашақ ұрпақ үшін өнеге.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: