Науқас көңілін сұрау – сауапты амал

Науқас көңілін сұрау – сауапты амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде науқас адамды зиярат (көңілін сұрау) етіп бару – ең сауапты амалдарға жатады. Барша ізгі амалдар сияқты бұл істі де шын ықыласпен атқаруға тиістіміз. Егер адам науқас кезінде Раббысына шынайы сабырлылық танытатын болса, оған сауапты істер де жазылып тұрады. Əрі ол пенденің күнəлары да кешіріледі. Дінімізде науқас адамның əртүрлі жағдайына (сабыр етуі, жалбарынуы) ғибадат еткеннің сауабы жазылады. Науқас кезінде мұсылман кісінің күнəлары да кешірілуі  мүмкін.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: "Мұсылманға қиыншылық, ауыр науқастық (қиналу, мазасыздану) тіпті тікен кірген болса да, Алла Тағала осы бір үлкен ауыртпашылықтар үшін оның күнəларын мағфират етіп, кешіреді", -дейді. (Бұхари, Муслим).

Уммул Əғла (р.ғ.)  айтады: "Мен сырқат болып жатқан кезімде, Алла Елшісі (с.ғ.с.) мені көргені келді де: "Əй, Уммул Əғла, əр бұл іске разы болғын! Сабыр ет! Мұсылман адам науқастанып қалса, от күмістің кірін кетіргені сияқты, Алла Тағала да оның күнəларын кетіреді", - деді. (Əбу Дəуіт).

Əр істе бір хикмет болады. Мысалы, Алла Тағала пендесіне қандай да бір ауыр дерт, сырқат берген болса, мүмкін ол пенденің амал дəптеріне жақсы амалдардың сауаптардың жазылуын, оның күнəларының кешірілуін жəне ақыретте дəрежесінің көтерілуін қалағысы келгені де бек мүмкін. Білуші Алла.

Хадистердің бірінде Алла Елшісі (с.ғ.с.): Мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттері бесеу.

1. Сəлемін алу, сəлеміне жауап қайтару.

2. Науқастанса барып көңілін сұрау.

3. Жаназасына қатысу.  

4. Түшкірсе, жақсылық тілеу.

5. Қонаққа шақырса, бару. (Имам Муслим риуаяты).

Əбу Һурəйрадан (р.ғ.) риуаят етілген хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

"Қандай да бір адам науқас кісіге тек ғана Алла разылығы үшін барып көңілін сұрайтын болса, Алла Тағала ол кісі жайында: "Өте дұрыс іс жасадың. Барғаның дұрыс болды. Жұмақтан өзіңе бір орын дайындадың" дейді екен. (Ибн Мəжə риуаяты).

Науқас адамның жанына барған кезде, одан дұға сұраған да абзал іс екен. Өйткені, Алланың жіберген сынағына сабыр еткен пенденің дұғасы міндетті түрде қабыл болады. Өткені, хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Науқас адамның дұғасы періштенің дұғасы сияқты қабыл болады" дейді.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) айтады:

"Мұсылман кісі науқас адамды зиярат етіп барған болса, ол адам өз үйіне қайтып оралғанша жəннат бақтарында серуендеп жүргендей əсер алады". (Муслим)

Жалпы жұртымызда мынадай ой саларлық бір қанатты өсиет іспеттес керемет нақыл бар: Қайғылы адамның қасында өз қуанышыңды айтып мақтанба, күлме! Жасыратыны жоқ, кейде қайғылы орындарда əзіл, күлкі, əжуалар орын алып жатады.

Перзенті жоқ адамның қасында перзенттеріңді айта берме! Науқас адамның қасында денсаулығыңды айта берме! делінеді.  "Денсаулықтың арқасында анда бардым, мұнда бардым дегеннен гөрі, тек сіз ғана емес, бəрімізде ара-арасында сырқаттанып қаламыз, амал жоқ, сабыр сақтап, шыдауымызға тура келеді екен деп" науқасқа басу сөздер айтқанымыз жөн екен.

Науқас адамның көңілі өте нəзік болады. Ол сабырлылық жайындағы сөздерге өте мұқтаж болады. Ұзақ өмір жəне сауығып кету жайында науқастың көңілін аулау-сауапты амалдарға жатады.

Егер де таныс науқас адамымызға уақытымыз табылмай жатса, немесе ұзақтау жерде болып жатса, онда тым болмаса оның өзінен, жақын туыстарынан телефон арқылы болса да хабар алып тұрғанымыз, дəрі-дəрмектер беріп жібергеніміз жөн болады. Жалпы бұның бəрі сауапты істерден болып табылады.

"Адам деген пенде екен,

Мүсəпір болу демде екен,  

Қайран кеткен денсаулық, 

Барлық бақыт сенде екен", -деп шумақтар ой салғандай, Алла Тағала ешқайсылармызды ауыртпасын! Денсаулықтың қадіріне жете білулерімізді нəсіп етсін.  Алла Тағала баршамызды қайырлы істермен шұғылдануды нəсіп етіп, Жаратушымыз науқастарымызға Өз шипасын берсін.

Үмбет Сабырханов

"Əл-Хақ" мешітінің имамы Луговой ауылы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: