Қай кезде әйелі күйеуінің қаражатын жұмсай алмайды

Қай кезде әйелі күйеуінің қаражатын жұмсай алмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер әйел адам ысырап жасамай күйеуінің қаражатынан садақа беретін болса мұнда тұрған ештеме жоқ. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер әйел адам үйіндегі азық-түлікті ысырапсыз қолданатын болса, осы үшін оған бір сауап жазылады. Қолданылған несібе оның күйеуімен табылғандықтан, оған да бір сауап жазылады. Бұл азық-түлікті күзеткен адамға да аджир-сауап жазылады» (Бұхари, Зекет, 17, 25, 26).

Хадисте айтылған «аджир-сауап жазылады» деген сөз бірдейлікті емес, ұқсастықты көрсетеді. Мал-мүлікті табушы адам, оны қорғап немесе садақа ретінде тарататын жанға қарағанда мол сауапқа кенеледі. Ғалымдар бұл хадисті Хиджазда тұратын адамдардың әдет-ғұрпына, салтына қарап түсіндірген. Олардың әдеті бойынша, күйеуі үйінде болмаған кезде әйелі мен қызметшілеріне меймандарды күтіп, ғаріптерді тамақтандыруға рұқсат беріп отырған.

Бұл хадис арқылы Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің үмбетіне де осылай жасауды ұсынған. Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз мал-мүлкін, қаражатын қолдана алмайды. Күзетші күзетіп тұрған дүниені оның иесінің рұқсатынсыз тарата алмайды, әйтпесе олар әділетсіздік жасап, күнә арқалайтын болады, алайда әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз кішкене балаларының мұқтажын қанағаттандыра алады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: