Бірде Əбүл-Хайсам:
– Біздің кей көршілеріміз арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? –дейді. Ұқба ибн Амр:
– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт. Қайдан, мені тыңдар емес. Əй, жазалатқан дұрыс-ау. Жоқ, ондайға бармағаның абзал. Өйткені мен Алла елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген еді.
Сахабалардан Əбу Дəрда (р.а.) бірде күнə істеген адамға жолықты. Сол жердегілер əлгі кісіні жерден алып, жерге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Əбу Дəрда (р.а.) оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не? Бұл кісінің құдыққа түсіп кеткенін көрсеңіздер құтқарар ма едіңіздер?» – деді.
Олар: «Иə», – дегенде, «Онда бауырларыңызға ауыр сөз айтпаңыздар. Одан да сіздерге саулық берген Аллаға мақтау айтыңыздар», – деді. Олар: «Сен сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп сұрағанда, «Мен бұл кісінің жеке басына емес, істеген қылығына ашуланам. Осы қылығын қойса болды, ол менің бұрынғыша бауырым», – деп жауап қатты.
asyldin.kz