Ең бай адам болғың келсе – бөлісе біл! Ең батыл болғың келсе – Аллаға тәуекел етуді үйрен! Ең ақылды болғың келсе – өз қателігіңді мойындай біл!
Ең әділ болғың келсе – өзіңе не тілесең өзгеге де соны тілеуді үйрен! Ең жомарт болғың келсе – қайтарымсыз беруді үйрен! Ең мейірімді болғың келсе – мінезіңді көркейт! Жетістікті болғың келсе – тиым салынғаннан аулақ бол!
Өз кемшіліктеріңді жасырғың келсе – өзгенің кемшілігін байқамауды үйрен! Алла Тағаланың сүйікті құлы болғың келсе – Алланы үнемі есіңе ал және Алланың жақсы көретінін жақсы көр!
Ақерке Сыдықова
арнайы asyldin.kz үшін