Алла тағаланың қалауымен ғасырлар бойы қиындық кешкен халқымызға 1991 жылдан Тәуелсіздік берілді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Тіліміз, діліміз бен дініміз қайта оралып, қуат алды. Сол мезеттен бері мешіттер салынып, медреселер бой көтерді. Дін кадрлар дайындалып, асыл дініміздің ахуалы жақсарды. Тәуелсіз Қазақстанның дамуына имамдар да өзіндік үлестерін қоса білді.
Осыны ескерген ел басшылары ұлық мерекеге орай мешіт имамдарына марапат қағаздарын ұсынды. Атап айтқанда, Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың Алғыс хатына ие болды. Оны аудан әкімшілігінде өткен салтанатты жиында Шу ауданының әкімі Н.Календеров арнайы табыстап,бас имамның жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ облыс орталығында өткен жиында Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Б.Нұрлыханов облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың қолынан Алғыс хат алды.
Елеулі мерекеде мешіт имамдарының еңбегін елеген атқамінерлерге ризашылық білдіреміз. Алла еліміздің бүгінін баянды, ертеңін ерекше етсін.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі