#Қордай: "Жусан" операциясымен елге оралған келіншектермен сұқбат жасалды

#Қордай: "Жусан" операциясымен елге оралған келіншектермен сұқбат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде "Жусан" операциясымен елге оралған келіншектермен кездесу өтті. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы, Қордай мешітінің ұстазы Эльмира Есімқараева, Әжелер алқасының төрайымы қатысты.

Мамандар келіншектермен сұқбаттасып, дәстүрлі ислам дініміздің маңызын, сенім, ғибадат мәселесін түсіндіріп өтті. 

Отанға деген махаббат, әйел адамның шариғаттағы орны мен міндеттерін тілге тиек етті. Әйелдер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, дәлелді-дәйекті жауаптарын ала алды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: