#Жамбыл: Қайырымдылық қорапшасы қойылды

#Жамбыл: Қайырымдылық қорапшасы қойылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Сәбит Естеков пен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауылдағы төрт дүкенге «Қанағат» қайырымдылық қорапшасы қойылып, бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келе жатыр.

Жәшіктің сыртына «Шамаң келсе қайырым жаса (сал), шын мұқтаж болсаң қанағат етіп ал!» деп жазылған, кез келген кісі азық-түлік алып, қорапшаның ішіне қойып кете алады. Айына төрт отбасыға 40 000 теңге қаражат жұмсалады.

Мешіт тізімінде тұрған көпбалалы, жалғыз басты отбасыларға апарылып, үлестіріледі. Мұндай игілікті іс-шараға ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: