Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешітінде құптан намазына келген жамағатқа айлық дастархан жайылды. Қонаққа қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Хусаинов Алтынбек арнайы шақырылды. Дастархан басында уағыз-насихат жүргізген наиб имам жамағатқа Пайғамбарды жақсы көрудің діндегі орны жайлы сөз қозғады.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «(Уа, Пайғамбар!) «Егер де Алланы жақсы көретін болсаңдар, онда маған ілесіңдер. Сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Өйткені Алла – Аса Кешірімді һәм Мейірбан» деп айт,» деп бұйырады.
Жиын соңы жамағатқа дастархан жайған аталмыш мешіт имамы Кенжемолдаев Алмас келген көпшілікке алғыс айтып, осы секілді айлық дастархан жамағатқа рухани азық екендігін жеткізді.
Егизбаев Алмуханбет
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

