Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешітінде мәуліт кеші болып өтті. Құптан намазына жиналған жамағатқа «Айсұлу ана» мешітінің имамы Баймаханов Ораз арапша және қазақша өлең шумақтарымен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірін қысқаша баяндады. Кешке Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар мен қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің наиб имамдары арнайы шақырылды.
«Әл-Әділ» мешітінің имамы Сыбанбай Расылхан келген көпшілікке дастархан жайып, ас берді. Дастархан басында қаланың бас имамы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайлы уағыз-насихат айтып, Пайғамбарды танып-білу әрбір мұсылманның міндеті екендігін жеткізді.
Егизбаев Алмуханбет
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

