Ислам - бейбітшілік діні. Ілгергілер ұстанған ізгі жол, салихалылар ұстанған сара жол - Ислам. Адам түгілі жәндікке аяушылық білдіруге үндейтін асыл дініміз радикализм, экстремизм, терроризм сынды теріс пиғылдармен қабыспайды. Оның мән-жайын ұғындыруда мешіт қызметкерлері бар күшін салу керек. Солай болып жатыр да.
Жуырда Шу ауданы Көктөбе ауылындағы Жамбыл орта мектебінде «Радикалды діни көзқарастың қоғамға тигізер әсері» тақырыбында кездесу өткен болатын. Аталмыш кездесуге ауылдық «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов қатысып, тақырыпқа тиісті мәселелерді қозғады.
Қоғамға қатер төндіретін, қан төгуге үндейтін кез келген насихат Ислам дініне қайшы екенін айтқан ауыл имамы радикалды діни көзқарастың қоғамға тигізер әсері мен зардаптарын түсіндірді. Сондай-ақ жиынға қатысқан жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берілді.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

